Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 17:44 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 17:44

Сурет: akorda.kz

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 17:44

Сурет: akorda.kz

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысын Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 17:44

Сурет: akorda.kz

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшқанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: