Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

«Шығыс» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.  Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 16:27 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 14 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, "Шығыс" әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Сурет: akorda.kz

Президенттің Өзбекстанға сапары бағдарламасына мемлекет басшыларының жеке кездесулері және Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысуы кіреді.

Сапарға дайындық ретінде Ташкенттің көшелері мен биік ғимараттары Қазақстан мен Өзбекстан туымен безендірілді, ал LED-экрандарға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзияевтің суреттері қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: