Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 14:52 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты 2025 жылдың 9 қазанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысын халықаралық әуежайда Тәжікстанның Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Сурет: akorda.kz

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.

Ертең Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысуы жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: