Тоқаевтың Мәскеудегі жұмыс кестесі тығыз — Желдібай

Тоқаевтың Мәскеудегі жұмыс кестесі тығыз — Желдібай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 20:15 Сурет: akorda.kz
Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары басталды. Президенттің көмекшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаевтың жұмыс кестесі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желдібайдың жазуынша, мемлекет басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі №1 борт Ресей әуе кеңістігіне өткен сәттен басталып кетті.

"Ерекше құрметтің белгісі ретінде қазақстандық делегация отырған ұшақты истребительдер мен тікұшақтар алып жүріп, Внуково әуежайында әскери оркестр мен құрмет қарауылының қарсы алуымен жалғасты". Руслан Желдібай

Сәлден соң Кремльде мемлекеттер басшыларының бейресми жеке кездесуі өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Ресей Федерациясы президентінің атынан кешкі ас беріледі.

"Мемлекет басшысының ертеңгі жұмыс кестесі де өте тығыз. Кремльдегі ресми қарсы алу рәсімінен кейін Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіледі. Президент сондай-ақ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйлейді", - деп жазды Руслан Желдібай.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанын хабарлағанбыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті. Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: