Қазақстан Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған Дональд Трамптың бейбіт жоспарын құптайды

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 12:43 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Желдібайдың 2025 жылғы 30 қыркүйектегі Telegram-арнасында былай делінген:

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді."

Бұған дейін Дональд Трамп Газа секторындағы Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған 20 тармақтан тұратын жоспар ұсынғаны хабарланған еді.

29 қыркүйек, дүйсенбі күні Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен өткен баспасөз мәслихатында қақтығыстың жақын арада аяқталатынына сенім білдіріп, бұл мәселе бойынша келісім "аса жақын" екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: