Астана тұрғындарына ет бағасына қатысты жағымды жаңалық жеткізілді

Сурет: Zakon.kz
Алдағы сенбі-жексенбі күндері (15-16 қараша) елордада ет жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Zakon.kz сайтына ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ет жәрмеңкесі Алаш тас жолы бойында орналасқа "Керуен жолы" базарында өтетіні белгілі. Сондай-ақ ведомство жәрмеңкеге Абай, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының шаруалары қатысатынын нақтылайды.

"Фермерлер ірі-қара етін делдалсыз саудалайды. Өңірдегі төрт түлік асырап отырған адамдар да осында келіп етті делдалсыз сатады. Сондықтан баға да арзан. Мәселен, ірі-қара еті 2700 теңгеден бастап 3000 теңге аралығында сатылмақ". ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Мұнда еттен бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жататын өнімдерді де арзан бағада алуға болады.

Айта кетсек, Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев 2025 жылғы 23 қыркүйекте үкіметтегі брифинг барысында ет бағасын негізсіз көтергендерге қандай шаралар қолданылатынын айтқан болатын. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 14–17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша вакцинация жүргізіледі

Мемлекет басшысы зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Әкесі 14 жастағы қызын мектептен себепсіз қалғаны үшін аяусыз ұрып, шашын тақырлап алып тастаған

LRT неге уақытша тоқтағанын тасымалдаушы түсіндірді

Жұманғарин газ бағасының көтерілгенін мәлімдеді