Етке бағаны көтергендер қалай жазаланады – Сауда комитеті жауап берді
Фото: Zakon.kz
Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев 2025 жылғы 23 қыркүйекте үкіметтегі брифингте ет бағасын негізсіз көтергендерге қолданылатын шаралар жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның сөзінше, 15%-дан асатын сауда үстемесі үшін әкімшілік жаза қарастырылған.
"15 пайыздық сауда үстемесін асырған жағдайда 5-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бұл бизнес субъектісіне байланысты – жеке кәсіпкер ме, әлде шағын, орта немесе ірі бизнес пе. Егер бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 10-нан 300 АЕК-ке дейін болады. Келесі жылдан бастап шекті бағалар мен лимиттер алынып тасталып, тек сауда үстемесі сақталады", – деді Жәутікбаев.
Сонымен бірге қазіргі таңда өңірлерде етке шекті баға белгіленбеген.
"Оны акиматтар белгілейді. Егер шекті баға белгіленіп, одан асып кетсе, 100 АЕК айыппұл қарастырылар еді", – деп түсіндірді Сауда министрлігінің өкілі.
Бүгін бұған дейін Қазақстанда сиыр еті мен сүт өнімдерінің қымбаттағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript