Мұнай бағасының ауытқуы Қазақстандағы бензин құнына әсер ете ме - Энергетика министрі жауап берді

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы 23 сәуірде Үкіметтегі брифингте мұнай бағасының ауытқуы Қазақстандағы бензин бағасына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, тарихи тұрғыда қарасақ, мұнай бағасының ауытқуы Қазақстан ішіндегі бензин бағасын айқындауға әсер етпеген.
"Бүгінде халықаралық нарықпен ондай корреляция жоқ. Мұнай бағасының қалай өзгеретініне және оның тәулігіне неше рет құбылатынына қарамастан, бензин бағасы ішкі сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Қазіргі уақытта елімізде үш ірі зауыт жұмыс істейді, олар Қазақстанның бензин мен дизель отынына деген қажеттілігін өтеп отыр. Сондықтан бізде тікелей байланыс жоқ", – деді Ерлан Аккенженов.
Бұған дейін Қазақстанда білім беру саласындағы бәсекелестікті дамыту бойынша жол картасы бекітілгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript