Қазақстандағы климаттың өзгеруі: "Қазгидромет" түсіндірме берді

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК директоры Марина Шмидт 2025 жылдың 17 қарашасында Қазақстандағы климаттың өзгеруі туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елдегі климаттық өзгерістер ең алдымен температураның жоғарылауынан және жел жылдамдығының төмендеуінен байқалады.

"Бізде аязды күндер азайды, сондай-ақ орташа жел жылдамдығы төмендеді. Бұл біздің Қазақстан үшін үйреншікті жағдай емес, өйткені әдетте желді ауа райы жиі байқалатын. Жалпы алғанда климаттың өзгеруі анық сезіліп отыр", – деді Шмидт.

Сонымен бірге ол "Қазгидрометте" климаттың өзгеруін зерттейтін ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейтінін еске салды.

Бұған дейін Шмидт желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды