Қазақстанда темекі шегу көрсеткіші 17,5%-ға дейін төмендеді

Сурет: unsplash
Соңғы жылдары Қазақстанда темекі шегу көрсеткіші 17,5%-ға дейін төмендеп, өңірдегі ең жақсы нәтижелердің бірін танытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы дерекпен 2025 жылы 22 қарашада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бөлісті.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, темекі шегудің таралуы 2020 жылғы 21,9%-дан 2025 жылы 17,5%-ға дейін төмендеді.

"Бұл созылмалы аурулар қаупін едәуір азайтып, ұлт денсаулығын нығайтуға маңызды үлес қосуда.Денсаулық сақтау министрлігі әріптестеріне — қоғамдық ұйымдарға, медициналық қауымдастыққа, бұқаралық ақпарат құралдарына және темекіге тәуелділікті азайту саясатын қолдаған әрбір азаматқа алғыс білдіреді. Адам денсаулығын сақтау — мемлекет пен қоғам үшін ортақ басымдық. Біз жас ұрпақтың темекі түтінінсіз өмір сүруі үшін жұмысты жалғастырамыз", делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан 2006 жылдан бері қатысушысы болып табылатын ДДҰ-ның Темекімен күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының қағидаттарына толықтай берілген. Осы кезең ішінде ұлттық заңнамаға бірқатар тиімді шаралар енгізілді:

Айта кетсек, 2025 жылы 30 шілдеде Алматыда құны 1 миллиард теңгені құрайтын вейптер тәркіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін