Астанада қандай медициналық мекемелер ашылады

Сурет: Астана әкімдігі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жаңадан салынып жатқан медициналық мекемелер туралы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, қаланы дамыту барысында әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше назар аударылуда.

Мәселен, соңғы жылдары елордада 21 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді. Олар – Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін емханалар жанындағы 19 филиал.

Сурет: Астана әкімдігі

Қала әкімінің айтуынша, жыл сайын тұрғындар саны өсіп келе жатқандықтан, медициналық мекемелерге деген сұраныс та артып отыр.

"Біз медициналық нысандардың құрылысына жеке қаржыландыруды да тартып жатырмыз.Жыл соңына дейін "Нұрлы жол" теміржол вокзалының жанында ауысым сайын 350 келушіден қабылдай алатын жекеменшік клиника ашу жоспарланып отыр. Бұл клиника тұрғындарға мемлекеттік тапсырыс бойынша қолжетімді медициналық көмек көрсетеді".

Сурет: Астана әкімдігі

Сонымен қатар, келер жылы "Самұрық-Қазына" қорының қаражаты есебінен №2 қалалық көпсалалы ауруханада қабылдау-диагностикалық кешенінің, сондай-ақ Сарыарқа ауданында 250 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр.

Сурет: Астана әкімдігі

"Сол сияқты келесі жылы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында балаларға арналған 200 орындық травматология орталығының құрылысы басталады.Алдағы үш жылда барлығы 11 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр: Алматы ауданында перинаталдық орталық, жаңа заманауи көпсалалы аурухана, жаңа әрі толыққанды 6 емхана (екеуі – мемлекеттік) және жедел медициналық көмек көрсететін 3 қосалқы станция", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін Энергетика министрлігінің мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша түзетулер әзірлегенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты