Астанада аяз, Алматы мен Шымкентте күн жылы: 26–28 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: пресс-служба акимата Алматы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері келесі үш күнге ауа райы болжамын жариялады. Алматы мен Шымкентте ауа температурасы+16°С және +19°С дейін жылынады. Ал Қазақстан астанасында жағдай мүлде басқаша – ауа температурасы -7°С дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана бойынша ауа райы болжамы

26 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең жел 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -1–3°С, күндіз +4–6°С.

27 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, кей жерлерде қар, жергілікті боран, көктайғақ. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -2°С.

28 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде -5–7°С, күндіз -1–3°С.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

26–27 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы түнде +2–4°С, күндіз +14–16°С.

28 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Жел әлсіз болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +2–4°С, күндіз +11–13°С.

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

26 қараша: Аздаған бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы түнде -1–+1°С, күндіз +16–18°С.

27–28 қараша: Аздаған бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы түнде -1–+1°С, күндіз +17–19°С.

Сонымен қатар, 25 қарашада Қазақстанның кей бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды