Тоқаев облыс әкімдеріне: инфляцияны төмендетіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту қажет

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, Үкімет пен өңірлерге ел экономикасын тұрақтандыруға бағытталған нақты міндеттер жүктеді. Жиынға ауыл әкімдерімен қатар Үкімет мүшелері мен облыс әкімдері қатысты.

Президенттің айтуынша, экономиканы сауықтыру мақсатында Үкіметке Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, шұғыл шаралар қабылдау тапсырылған.

"Өткен аптада үш жылға арналған Макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Құжатта көрсетілген шаралар сапалы әрі уақтылы орындалуы керек. Бұл жұмысқа облыс әкімдері белсене атсалысуға тиіс", – деді Президент.

Мемлекет басшысы өңірлерге ойластырылған, нақты ұсыныстарды Үкіметке енгізуге рұқсат беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, алда тұрған негізгі міндеттер мыналар:

Президент жаһандық ахуалдың күрделене түскенін де атап өтті.

"Бүгінде әлемдегі жағдай тұрақты емес, келешегі бұлыңғыр. Кейбір елдердің егемендігі мен жер тұтастығы әлі толық шешілмеген. Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі әлсіреді, жаһандық экономика да құбылмалы күйде", – деді Тоқаев.

Осындай жағдайда еліміз ішкі бірлікті сақтап, ұлт ретінде қырағылық танытуы қажет екенін айтты.

"Жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беруіміз керек, ішкі даулардан аулақ болып, ынтымақ-бірлігімізді нығайтуымыз қажет. Бәрімізге ортақ аса маңызды міндет – ел мүддесіне тиімді қызмет ету", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан үшін ең қымбат құндылықты да атап өтті:

"Егемендік, дербестік, тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Бұл – ұлтымыздың ең биік мақсаты. Ел Президенті ретінде мен осы мақсатты орындау үшін барлық күш-жігерімді саламын", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөз соңында елге амандық, береке тілеп, жұмысты бірлікпен атқаруға шақырды.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды