Астана, Алматы және еліміздің тағы үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанның бес қаласының тұрғындарын 2025 жылғы 29 қарашада ауаның жоғары ластану жағдайы туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 29 қарашада Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана ​​қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚЖМ) кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада , әсіресе жол бойы немесе басқа ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқартуға кеңес беріледі. Сонымен қатар, созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдарға сыртта болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүру ұсынылады.

Бұған дейін еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланған.

Ақтөбе
Атырау
Орал
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз