Астанада түнгі тыныштықты бұзған азамат жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана қаласында полиция қызметкерлері түнгі тыныштықты бұзған азаматты жауапкершілікке тартты.

"102" арнасына таңғы сағат 6 шамасында автокөлікте қатты музыка қойылып, айналадағы тұрғындарға қолайсыздық туғызып жатқаны туралы шағым түскен.

Шақырту орнына жедел жеткен полицейлер 21 жастағы азаматтың қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтап, оған қатысты тиісті шаралар қолданылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Астанада түнгі тыныштықты бұзудың 42 мыңға жуық дерегі тіркелген.

Бұл – тұрғындардың демалысына кедергі келтіретін және қоғамдық тәртіпке әсер ететін өзекті мәселе.

Тәртіп сақшылары азаматтарды тыныштық режимін сақтауға, өзара сыйластық танытуға және көршілердің тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.

Қоғамдық тәртіп – әркімнің ортақ жауапкершілігі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді