Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Сурет: akorda.kz
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz. Ақпарат 2025 жылғы 3 желтоқсанда Ақорда сайтында жарияланды.

Жиында болашақ бір палаталы Парламентті қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары, сондай-ақ азаматтардың е-Otinish және E-gov платформалары арқылы келіп түскен бастамалары қаралды.

Отырыста жаңа Парламент депутаттарына қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, саны мен сапалық құрамы, өкілеттілік мерзімі және квотаға қатысты тәсілдер сараланды.

Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан парламенттік реформа жөнінде азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар туралы ақпарат берді.

Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялардан жинақталған ұсыныстар негізінде әзірленген жалпы тәсілдер туралы айтты.

Жұмыс тобының мүшелері Марат Шибұтов, Андрей Чеботарев, Алипаша Караев, Магеррам Магеррамов, Айдос Сарым, Елнұр Бейсенбаев, Бөріхан Нұрмұхамедов, Қарлығаш Жаманқұлова, Нұрлан Бекназаров, Индира Әубәкірова, Асхат Рахымжанов, Марат Бәшімов, Үнзила Шапақ, Азат Перуашев, Серік Егізбаев, Сергей Пономарев, Қабдулсамих Айтхожин, Алуа Ибраева, Айдарбек Қожаназаров, Снежанна Имашева өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты.

Отырыста көтерілген бастамалар егжей-тегжейлі сараланып, жүйеленеді. Парламенттік реформаны өткізу жөніндегі негізгі тәсілдерді қалыптастыру ісі Жұмыс тобының алдағы отырыстарында жалғасатын болады.

Қазақстан
Астана
Қарин Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік