Атап айтқанда, ережелерге қосылған жаңа тармақ бойынша 11-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөлімдері, 17-баптың екінші бөлігі, 19-1-бап, 20-баптың екінші және үшінші бөлімдері, 21-баптың үшінші бөлігі және 22-1-бап тек 2025 жылғы 15 қыркүйектен бұрын қол қойылған және ережелердің 4 және 5 тармақтарында көрсетілген құжаттарға негізделген қатынастарға ғана қатысты болады.
Бұған дейін стоматологиялық қызмет көрсеткенде комиссия профильдік маманның қорытындысын, медициналық құжаттарды зерттеп, шешім шығаратындығы және қандай құжаттар қажет екендігі ережелерде көрсетілген еді.
Алайда енді бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану барысында офтальмологиялық және стоматологиялық қызметтер алынып тасталды.
Бұйрық 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Еске салсақ, бұған дейін банк зейнетақы жинақтарын алу бойынша жаңа шектеу енгізгенін хабарлаған еді.