Қазақстанда мектептер мен балабақшаларға жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда мектептер мен балабақшаларға жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өткізу қарастырылған.

Бұл туралы 2025 жылғы 4 желтоқсанда қабылданған "Мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда көрсетілген.

Заңға сәйкес, жоспарлы тексеру білім беру ұйымының жоғары, орташа немесе төмен тәуекел деңгейіне жатқызылуы негізінде тағайындалады. Жоспарлы тексерулер жылдық тексерулер тізімі бойынша тексеру актісіне сәйкес өткізіледі.

Ал жоспардан тыс тексерулер субъектілерді алдын ала хабарламай жүргізіледі. Жоспардан тыс тексерудің негіздері мыналарды қамтиды:

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы заңға қол қойды. Заң аясында Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік кодекстеріне, сондай-ақ "Некеге және отбасыға", "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі", "Қазақстандағы тілдер туралы", "Қазақстандағы бала құқықтары туралы", "Мәдениет туралы", "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы