Артық су берілмейді - Олжас Бектенов фермерлерге лимиттен аспауға нұсқау берді

Фото: akorda.kz
2025 жылғы 9 желтоқсандағы үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов суармалы жерлерге қатысты шешімдерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бектеновтың айтуынша, 2026 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық барысында облыс әкімдері коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстар мен ирригациялық каналдарды жөндеуі тиіс.

Басты міндет ретінде премьер-министр су қажет ететін дақылдардың үлесін қысқарту және су үнемдейтін технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті.

Сол себепті Бектенов аймақ әкімдіктеріне және тиісті ведомстволарға егін егу алаңдарының құрылымын әртараптандыру көрсеткіштерін қатаң сақтау тапсырылды.

"Су ресурстары министрлігіне – бекітілген лимиттен артық су берілмеуін қадағалау. Бұл өзекті мәселе, оны тағы да қайталағым келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі егістік алаңдарын әртараптандырудың тиісті кестесін бекітті. Барлық жұмыс осы кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Мысалы, егер шаруашылыққа 100 гектар берілсе және ертең бір гектардан артық егілсе, қосымша су берілмейді. Егер Ауыл шаруашылығы министрлігінің көрсеткішін бұзып, фермерлерге шығын келсе, бюджеттен ештеңе өтелмейді. Бұл шешімді халыққа ашық жеткізу қажет", – деді Премьер-министр.

Сонымен қатар, Олжас Бектенов 2026 жылғы шілдеде Шардара топтық су құбырларының құрылысы аяқталатынын еске салып, қала тұрғындарын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев елдің оңтүстігіндегі аграрийлер үшін су тапшылығы тәуекелдерін ескерткен болатын.

Қазақстан
Бозымбаев Қанат
Астана
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды