Министр Алматыда газдан уланғандардың жағдайы туралы айтты

Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыдағы газдан улану оқиғасы бойынша зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2025 жылғы 11 желтоқсанда Алматыда пойызда табиғи газбен улану фактісі тіркеліп, жедел медициналық жәрдемнің 13 бригадасы оқиға орнына жіберілді. Барлығы 53 адам зардап шеккен, оның ішінде балалар да бар.

"Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың барлығы дер кезінде қалалық стационарлардың қабылдау бөлімшелеріне жеткізіліп, тексеруден өтті және қажетті медициналық көмек алды. Зерттеп-қарау нәтижесінде 11 бала емдеуге жатқызылды. Екі бала реанимация бөлімшесінде жатыр, қалғандары мамандандырылған бөлімшелерде дәрігерлердің бақылауында. Қалған науқастар тексеруден кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емдеуге жіберілді". Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова

Әлназарова зардап шеккендерге көрсетіліп жатқан медициналық көмек туралы да айтты.

"Емдеуге жатқызылған барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Қауіпсіздікті және тұрақты оң динамиканы қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ресурстар тартылды. Біз жағдайды мұқият қадағалап, қаланың медициналық ұйымдарымен байланыста боламыз. Барлық зардап шеккеннің тезірек сауығып кетуін тілеймін", - деді министр.

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы ("Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс тіркеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды