Астана құтқарушылары қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады

Фото: Zakon.kz
Елорда құтқарушылары алдағы күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, Астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылардың мәліметінше, жақын күндері елордада қолайсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстану, дауылды ескертулерді қадағалау және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпау ұсынылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ауа райының нашарлауы және қала аумағындағы автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты мына көздер арқылы бақылау ұсынылады:

Сондай-ақ тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертіліп, қыс мезгілінде әлі толық қатпаған мұзға шығудың қауіпті екені айтылды. Бұдан бөлек, жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керектігі еске салынды.

"Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз", – делінген елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, 15 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты Астана полициясы жолдарда шектеулер енгізілетіні жөнінде ескерткен болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды