Протозанов көшесіндегі №31 үйдің тұрғындарының айтуынша, домофоны бар кіреберіс есігінен бір айдан бері тоқ ұрып жүрген, алайда ешқандай шара қолданылмаған. Бұл жөнінде HALIQSTAN Telegram-арнасы жазды.
Сурет: Telegram/HALYQSTAN
Оқиғадан кейін ғана электр тогының қайдан шығып жатқанын анықтау үшін "Исток" ПИК қызметкерлері шақырылып, жергілікті әкімдік те іске араласқан.
"Электр тогының соғу фактісі тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, тоқ көзі – "Алма домофон" ЖШС қызмет көрсететін домофон болуы мүмкін. Қазіргі уақытта азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті болдырмау үшін тоқ көзін ажырату шаралары қабылданып жатыр". Өскемен қаласының әкімдігі
Көп өтпей электр тогының ағу себебі анықталғаны хабарланды. Ол – есік маңына орнатылған жарық шамы болып шықты. Аталған шам ажыратылып, қауіп толықтай жойылды.
"Оқиғаға байланысты жауапкершілікті тиісті органдар анықтайды", – делінген ақпаратта.
Бұған дейін ҚМА Qarmet мүлкін жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын жазғанбыз.