Тоқаеы ТМД мемлекеттері басшыларымен ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Тоқаеы ТМД мемлекеттері басшыларымен ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 21:48 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрікменстан павильонында мемлекеттер басшыларының назарына жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды "Оғыздар" ("Огузлар") қойылымы көрсетілді.

Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады.

Мемлекеттер басшыларына ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы таныстырылды.

Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен "Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат" атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: