Екібастұзда полиция аса ірі мөлшерде есірткі сатумен айналысқан бұрынғы сотталғанды ұстады

Сурет: polisia.kz
Екібастұзда полицейлер 26 жастағы есірткі таратушыны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екібастұз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Жұмат Омашев көшесіндегі үйлердің бірінің маңында 26 жастағы бұрын сотталған есірткі заттарының заңсыз айналымына күдіктіні ұстады.

Күдіктіні жеке тінту барысында оның киім қалталарынан және сөмкесінен 27 орам табылды. Аталған орамдарды ол жасырын "қойма" жасау арқылы өткізбек болған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар жалпы салмағы 27 грамнан асатын синтетикалық есірткі заты болып шықты, бұл "аса ірі мөлшерге" жатады.

Күдікті интернет-дүкен арқылы есірткі заттарын сатып алып, оларды әрі қарай жеке табыс табу мақсатында таратумен айналысқанын түсіндірді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаның заңсыз әрекеттерінің барлық эпизодтарын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды