Fitch Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің жоғары халықаралық рейтингтерін растады

Халықаралық Fitch рейтингтік агенттігі Kaspi.kz пен Kaspi Bank рейтингтерін тұрақты болжаммен BBB− деңгейінде қайта растады., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 10:46 Сурет: Kaspi.kz
Халықаралық Fitch рейтингтік агенттігі Kaspi.kz пен Kaspi Bank рейтингтерін тұрақты болжаммен BBB− деңгейінде қайта растады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

"Kaspi-дің халықаралық рейтингтік агенттіктен қайтадан осындай жоғары баға алғанын мақтан тұтамыз. Біз үшін ең маңызды баға – сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімі. Күн сайын Kaspi-ді таңдағандарыңыз үшін рақмет!"

Fitch Kaspi-дің бірегей бизнес-моделін атап өтіп, клиенттер мен кәсіпкерлер үшін электрондық коммерцияны, төлемдер мен қаржы сервистерін біріктіретін мобильді қосымшамызды ерекше атап көрсетеді.

Fitch сондай-ақ капиталдың жоғары деңгейі мен тәуекелдерді тиімді басқаруды атап өтеді.

Бүгінде Kaspi-дің сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық кәсіпкер пайдаланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: