Moody’s Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің инвестициялық рейтингтерін тұрақты болжаммен растады
Сурет: Kaspi.kz
Халықаралық Moody’s рейтингтік агенттігі Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің инвестициялық рейтингтерін растады. Болжам — тұрақты.
Moody’s Kaspi-дің жоғары тиімділігін, капитал мен өтімділік қорының жеткілікті екенін, нарықтағы көшбасшы позициясын және экономикалық циклдерге төзімділігін атап өтті.
"Kaspi.kz" АҚ-тың шетел және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді рейтингтері, сондай-ақ шетел валютасындағы қамтамасыз етілмеген облигациялар рейтингі Baa3 деңгейінде расталды. Ұлттық өлшем бойынша ұзақмерзімді эмитент рейтингі — A2.kz.
"Kaspi Bank" АҚ-тың ұзақмерзімді депозиттік рейтингтері және контрагенттік тәуекел рейтингтері де Baa3 деңгейінде расталды. Қысқамерзімді депозиттік рейтингтер мен контрагенттік тәуекел рейтингтері — Prime-3 деңгейінде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript