-25°C аяздан +10°C-ға дейін: Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жұмыс аптасында ауа райы қандай болмақ

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 6-8 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс бағыттан циклондар ығыса отырып, жауын-шашынның кезекті толқынын алып келеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің ақпарына сүйенсек, республикасының батысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болжанады, көктайғақ құбылыстары күтіледі.

"Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы басым болады". "Қазгидромет" РМК

Бұдан өзге, республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.

Ауа температурасының жоғарылауы батыс өңірлерде байқалады: түнде 5–16° аяздан 0–8° аязға дейін, күндіз 10° аяз – 3° жылыдан 3° аяз – 8° жылыға дейін көтеріледі.

Солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 3–16° аяздан 10–25° аязға дейін, күндіз 1–11° аяздан 5–15° аязға дейін.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді: түнде 1–16° аяз, күндіз 0–10° жылы, таулы аймақтарда түнде 0–10° аяз сақталады.

Бұған дейін 4 қаңтарда Қазақстанның бірнеше қаласында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы