Алматыда қайтадан қар жауады, Астанада аяз күшейеді: 20–22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша 2026 жылғы 20–22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Астанада аяз -25 градусқа дейін күшейеді, Алматыда қар жауады, ал Шымкентте жаңбыр жауып, ауа райы жылы болады.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

20 қаңтар:

Аспан бұлтты, кей уақыттарда қар жауады, жаяу бұрқасын байқалады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метрге дейін соғады. Ауа температурасы түнде -17…-19°, күндіз -13…-15°.

21 қаңтар:

Аспан бұлтты, түнде қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Жел түнде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°, күндіз -13…-15°.

22 қаңтар:

Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°, күндіз -15…-17°.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

20 қаңтар:

Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15°, күндіз -3…-5°.

21 қаңтар:

Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман байқалады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -11…-13°, күндіз -5…-7°.

22 қаңтар:

Аспан бұлтты, кешке қарай қар жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Жел шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -11…-13°, күндіз -3…-5°.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

20 қаңтар:

Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман байқалады. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°, күндіз 0…+2°.

21 қаңтар:

Аспан бұлтты, кешке қарай жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°, күндіз +2…+4°.

22 қаңтар:

Аспан бұлтты, түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Кей уақыттарда көктайғақ пен тұман байқалады. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2…-4°, күндіз 0…-2°.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 20–22 қаңтар аралығында Қазақстан аумағында қатты аяздың жаңа толқыны күтілетінін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы