200-ден астам компания суперкомпьютерге қол жеткізеді – Цифрлық даму министрлігі

Сурет: unsplash
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун 2026 жылғы 23 қаңтарда ОКҚ өткен брифингте мемлекеттік органдардың, жеке компаниялардың және квазимемлекеттік сектордың суперкомпьютерді пайдалану мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бүгінде барлық мемлекеттік орган суперкомпьютерді қолданып отыр.

"Суперкомпьютерді жеңіл пайдалану және мемлекеттік органдардың түпкілікті өнімдер әзірлеуі үшін арнайы қызметтер ұсынылды. Егер әрбір мемлекеттік орган жеке-жеке компьютер сатып алып, бағдарламашыларды жалдаса, бұл әлдеқайда қымбат әрі ұзақ болар еді. Қазіргі таңда оқыту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ұлттық жасанды интеллект платформасы арқылы 7,8 мыңнан астам мемлекеттік қызметші суперкомпьютерді пайдаланып отыр", – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол жеке компаниялар мен квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігі туралы мәлімет берді.

"Бізде екі суперкомпьютер бар. Соның бірін "Қазақтелеком" іске қосты. Оған "Самұрық-Қазына" қорының барлық ұлттық компаниялары қол жеткізе алады. Жақын арада 200-ден астам компанияға қолжетімділік беріледі. Жеке компаниялар үшін де бұл қызметтер белгіленген тарифтер бойынша ұсынылады", – деп толықтырды Дмитрий Мун.

Бұған дейін екі суперкомпьютердің арқасында Қазақстан әлемдегі ақпараттық технологиялар саласында алдыңғы 30 елдің қатарына енгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды