Қазақстанда синтетикалық есірткі өндірісі мен заңсыз айналымы бойынша ірі операциялар жүргізілді

Сурет: ҚР ІІМ
Жыл басынан бері елімізде жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхана мен екі ұйымдасқан қылмыстық топ қызметі тоқтатылды.

Қылмыстық әрекеттердің 118 фактісі анықталып, заңсыз айналымнан 325 келі есірткі тәркіленді, оның жартысы синтетикалық заттар.

Қостанай қаласында ерлі-зайыптылар ұсталып, пәтерінен 360 грамм мефедрон табылды. Шымкентте 20 жастағы жігіт қолға түсті, одан жарты келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Сонымен қатар, ойын-сауық мекемелерінде тұрақты рейдтер жүргізілуде: Алматы қаласында түнгі клубтардың бірінде жұмыс орнында синтетикалық есірткі өткізуге қатысқан аспаз ұсталды. Барлық фигуранттар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін еске саламыз. Мұндай заттарға тұтынушыға қысқа мерзімді эйфория беретін азот оксиді де кіреді. Бірқатар өңірде құқық қорғау органдары азот оксиді бар металл баллондарды заңсыз тасымалдау және сақтау фактілерін анықтады. Мысалы, Астана – Петропавл автожолында үш 10 литрлік баллон табылған, ал Алматы қаласында екі лаундж-бардан 16 баллон тәркіленген. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Ішкі істер министрлігі дәрігердің нұсқауынсыз азот оксидін тұтыну өмірге қауіпті екенін, өткен жылдары өлім фактілері тіркелгенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 301-бабы бойынша "күшті әсер ететін заттардың" заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды