Делдалдардың қызметінде ашықтық пен жауапкершілік талаптары бекітілді

Фото: pexels
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалы қағаздар нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыру қағидаларына, сондай-ақ делдалдардың банк операцияларын жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасын әзірледі.

Жоба делдалдардың адал жұмыс істеу стандарттарын енгізуге, жосықсыз тәжірибелердің алдын алуға, ақпаратты ашу мен кеңес беру талаптарын күшейтуге, сондай-ақ қаржы құралдарының клиентке сәйкестігін бағалау тетігін енгізуге бағытталған.

Сонымен бірге инвесторлардың құқықтарын қорғауға арналған ішкі саясаттарға қойылатын талаптар айқындалады. Атап айтқанда, клиенттермен өзара іс-қимыл тәжірибесін бақылауды, тәуекелдерді талдауды, сатылымдар мен жарнаманы қадағалауды, сондай-ақ клиенттердің өтініштерін саралауды жүзеге асыратын тәуелсіз бөлімше құру қарастырылады.

Бұдан бөлек, өтініштерді қарау тәртібі біріздендіріліп, инвесторлардың инвестициялық сауаттылығын арттыру бағдарламаларын іске асыру міндеті енгізіледі.

Құжат жобасы көпшілік талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында 16 ақпанға дейін орналастырылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз