Ақтөбедегі Орталық саябақта мемлекеттік ту неге түсірілді

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі мемлекеттік тудың уақытша түсірілуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындарына арналған үндеу бүгін, 2026 жылғы 10 ақпанда, ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған.

"Ақтөбеде желдің күшеюіне байланысты ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақта орнатылған мемлекеттік ту уақытша түсіріледі", – делінген Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл шара ауа райы жақсарғанға дейін тудың матасы мен ту тұғырының сақталуын қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Айта кетейік, 11 ақпан, сәрсенбі күні қала мен облыста дауылды ескерту жарияланған. "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, түнде Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауады, ал өңірдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе қаласында да 11 ақпанда аздаған қар жауып, түнде жаяу бұрқасын болады. Батыс желінің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін