Қазақстанға тағы бір шетелдік әуе рейсі ашылады

Сурет: Azerbaijan Airlines
Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы – Azerbaijan Airlines (AZAL) 2026 жылғы маусым айынан бастап Шымкент қаласына тұрақты рейстерді іске қоспақ. Жаңа бағыт бойынша әуе билеттері сатылымға шығып та үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az порталының AZAL баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, Баку – Шымкент – Баку бағыты бойынша алғашқы рейс 16 маусымда орындалады.

Ұшу кестесі:

Шымкент AZAL әуе компаниясының Қазақстандағы бағыттар желісіндегі төртінші қала болмақ. 2025 жылы әуе компаниясы Алматы, Астана және Ақтау бағыттары бойынша (екі бағытты қоса есептегенде) шамамен 850 тұрақты рейс орындаған.

Жаңа бағыттың ашылуы Шымкент тұрғындарына тек Бакуге баруға ғана емес, сонымен қатар Әзербайжан астанасы арқылы ыңғайлы транзиттік рейстерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жолаушылар AZAL-дың кең маршруттық желісі арқылы Ыстамбұл, Дубай, Тель-Авив, Милан, Лондон, Прага және Таяу Шығыс, Еуропа мен Азияның басқа да қалаларына ұша алады.

Әуе билеттерін azal.az ресми сайтынан, мобильді қосымша арқылы, сондай-ақ Azerbaijan Airlines компаниясының кассаларынан және аккредиттелген агенттіктерден сатып алуға болады.

Бұған дейін Қазақстан авиациясы ұшу географиясын кеңейтуде екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Әзірбайжан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді