Ұлттық банк доллар бағамының әлсіреуіне қатысты пікір білдірді

Фото: freepik
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов 2026 жылғы 19 ақпанда Сенат кулуарында теңге бағамының нығаюына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер бұл жағдайдың референдуммен байланысы бар-жоғын және одан кейін доллар бағамы өсуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Берік Шолпанқұловтың айтуынша, Ұлттық банк валюталық үдерістің негізгі қатысушысы емес.

"Ұлттық банк әрдайым валюталық нарықтың негізгі қатысушысы емес екенін айтып келеді. Бұл – еркін айырбасталатын валюта, сондықтан нарықтағы үдерістер сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Қазіргі уақытта сұраныс азайып, ұсыныс артқандықтан бағам төмендеп отыр. Бұл – таза экономикалық үдерістер", – деді ол.

Сондай-ақ ол басқа елдердің валюталық нарықтарына назар аударуға кеңес берді.

"Сонда бұл үдерістің біржақты емес екенін түсінуге болады. Мұнда реттеушінің ықпалы емес, нарық қатысушыларының өзі сұраныс пен ұсынысты айқындайды", – деп қосты Ұлттық банк өкілі.

Бұған дейін теңгенің күрт девальвациялану ықтималдығына қатысты Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды