Алматыда Азиадаға бола жаңа спорттық нысандар салынбайды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 19 ақпанда Сенаттың кулуарында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев 10-шы қысқы Азия ойындарына Алматының дайындығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Серік Жарасбаев 2029 жылы Азия ойындарын Алматыда өткізу туралы шешім Миландағы Олимпиада ойындарынан бұрын қабылданғанын еске салды.

"Бұл шешім қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Жаңа спорттық нысандар салу туралы айтсақ – бұл өтінім мақұлданбас бұрын біз мониторинг жасап, талдау жүргіздік. Қолданыстағы нысандар халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді және Азия ойындары бағдарламасының барлық талаптарын орындауға мүмкіндік береді. Яғни, Азиада ойындарын өткізу үшін қосымша спорттық нысандар салудың қажеті жоқ", – деп сендірді вице-министр.

Оның айтуынша, бұған дәлел – 2011 жылы өткізілген Азия ойындары мен 2017 жылы ұйымдастырылған 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада.

"Қаладағы кептеліс мәселесіне де назар аудардық. Туристер мен спортшылардың келуі салдарынан мұндай оқиғаларда автокөлік ағыны көбейетінін білдік. Дегенмен, көлікті дұрыс бағыттау және жарыстар кестесін тиімді құру арқылы 2017 жылы біз кептеліс мәселесін шештік. Жалпы, қала бұл тапсырманы орындады. Қазақстанда халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу тәжірибесі жеткілікті және жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру үшін бірлескен жұмыстар көмектеседі", – деді туризм және спорт вице-министрі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 5 ақпанда Миланда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық Кеңесінің басшысы шейх Джоан бин Хамад Аль-Тани Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын қабылдайтыны туралы құжатқа қол қойған.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды