Қазақстандағы әуежайға ірі көлемде айыппұл салынды

Фото: akorda.kz
Түркістан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу нарығына талдау жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің 2026 жылғы 23 ақпандағы мәліметіне сәйкес, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4-тармақшасын бұзу белгілері анықталған.

Осыған байланысты "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ-қа шарттардың нысанына қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді күштеп жүктеу фактісі бойынша тергеу басталды.

Тергеу барысында әуежайдың нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада сататын кәсіпкерден әуежай аумағында қызмет жүргізу құқығы үшін алым алғаны анықталды.

Мамандар бұл әрекеттерді заңнама талаптарын бұзу деп таныды.

"Түркістан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысымен компания ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ-қа 14,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды", – деп хабарлады ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды әуежайында Эквадордан әкелінген раушан гүлдері партиясынан карантиндік трипс (жабық топырақта өсірілетін гүл және көкөніс дақылдарының зиянкесі) анықталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз