"Ауыр асқынуларға әкеп соғуы мүмкін": Ақмарал Әлназарова ата-аналарға шұғыл үндеу жасады

Фото: primeminister.kz
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылғы 3 наурызда ата-аналарға шұғыл үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы тиісті бейнежазба Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі арқылы таралды.

"Ана ретінде де, дәрігер ретінде де мен әрбір ата-ана үшін ең басты құндылық — баласының қауіпсіздігі екенін жақсы білемін. Бүгінде елімізде қызылша ауруының өсуі тіркелуде. Бұл "қарапайым балалар инфекциясы" емес. Қызылша — асқынуы ауыр болуы мүмкін қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ол пневмонияға, нерв жүйесінің зақымдануына және басқа да күрделі салдарға әкелуі мүмкін. Әсіресе ерте жастағы балалар осал келеді." Ақмарал Әлназарова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан бірқатар шаралар қабылданды:

Қазіргі таңда сырқаттанушылықтың өсу қарқынының төмендеуі байқалады, дегенмен жағдай баршамыздың ортақ жауапкершілігімізді талап етеді, – деді министр.

Сенімді қорғанудың жалғыз жолы — вакцинациялау. Оның қауіпсіздігі мен тиімділігі көпжылдық тәжірибемен дәлелденген. Сіздерді дәлелді медицина қағидаттарына және мамандардың ұсынымдарына сүйенуге шақырамын. Балаңызға екпе жасату арқылы сіз тек өз балаңызды ғана емес, өзге балаларды да қорғайсыз. Балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыздар. Екпені уақытылы алыңыздар. Ақмарал Әлназарова
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Балаларға бөлінетін төлемді таппай қалған кейбіреулер желіде дүрбелең туғызды. ҰАТ мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тіреді

Алматыда күдік тудырған көлікті тексеру кезінде күмәнді сөмке табылды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды