Қазақстанда 160 тонна қымбат металл контрабандасы тоқтатылды

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметі наурыз айында заңсыз көші-қон, контрабанда және есірткі таралуына қарсы бірқатар іс-шараларды жүзеге асырғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысында "синтетикалық есірткілерді" дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды. Жалпы, жыл басынан бері 9 620 литр химиялық заттардың ("Тұз қышқылы", "Ацетон", "Фениппентан") және 1000 кг "Бромкетон-4" затының заңсыз тасымалдануының жолы кесілді. ҰҚК баспасөз қызметі

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорлардың соңғы алушылары белгілі болып, есірткі зертханалары жойылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Қазақстан
ҰҚК
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі