Елордада тәртіп сақшылары туристік алаяқтық дерегін әшкереледі

Фото: Zakon.kz
Елордада Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азаматтарды шетелге арзан тур рәсімдеп беремін деп алдаған 32 жастағы күдікті ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті бастапқы кезеңде таныстарын бір-екі рет шетелге шынайы түрде жіберіп, олардың сеніміне әдейі кірген. Кейін өзін делдал ретінде таныстырып, Түркияға тур пакеттерін рәсімдеп беруді ұсынған.

Алайда жәбірленушілерден алдын ала төлем алған соң, байланысын үзіп отырған. Қазіргі уақытта оның екі алаяқтық дерегіне қатыстылығы анықталды.

Жәбірленушілердің біріне келтірілген материалдық шығын көлемі 5 млн 700 мың теңгені құрайды.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, алынған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізді.

Полиция азаматтарға туристік қызметтерді тек ресми тіркелген агенттіктер арқылы рәсімдеуді қатаң түрде ұсынады.

Сондай-ақ белгісіз делдалдардың уәдесіне сенбеу, турфирманың лицензиясын, нақты мекенжайын және ресми байланыс нөмірлерін мұқият тексеру – мұндай алаяқтық әрекеттердің алдын алудың тиімді жолы екенін ескертеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін