Белгілі болғандай, банктер мен микроқаржы ұйымдары өтінімді қарау кезінде қарыз алушының қаржылық жағдайын және берешекті өтеу қабілетін жан-жақты бағалайды.
Егер қарыз алушының ломбард алдында мерзімі өткен берешегі болса, бұл несие мақұлдану мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді.
Мұндай міндеттемелер борыш жүктемесін есептеу кезінде басқа кредиттермен және микрокредиттермен тең ескеріледі.
Ломбардтар қарыздар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге міндетті, себебі мұндай қарыздар басқа қарыздарға ұқсас, ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында беріледі. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Егер қарыз алушы микрокредитті уақытында өтемесе, ломбард кепілге қойылған мүлікті кемінде 30 күн сақтауға міндетті. Осы кезеңде қарыз алушы қарызды төлеп, өз затын қайтара алады.
Осы мерзім өткеннен кейін ломбард кепілді сатуға не оны өз меншігіне ресімдеуге құқылы. Нәтижесінде ломбардтағы заттарды кепілге қою туралы шарт және микрокредит беру туралы шарт өз қолданысын тоқтатады.
Қарыздың тоқтатылу фактісін кепілді сату актісі немесе оны ломбардтың меншігіне айналдыру туралы шешім және қарызды өтеу туралы анықтама сияқты құжаттар растайды.
Кредит беру туралы шешімді банк немесе микроқаржы ұйымы заңнамалық талаптарды ескере отырып, сондай-ақ өзінің ішкі кредиттік саясатына, қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалауға және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне сәйкес дербес қабылдайтынын назарға алу қажет.