Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірген студент сотталды

Фото: pexels
Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірген студент қыз сотталды. Қайғылы жағдай 2025 жылы қазан айында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасының жазуынша, жүктілігін ата-анасы мен жақындарынан жасырған бойжеткен білім алатын оқу орнының жатақханасында босаныпты. Нәрестенің даусын ешкім естімесін деп оның аузын орамалмен жауып тұншықтырған. Сәби сол жерде жан тапсырған. Сотта ол кінәсін мойындады.

"Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес күдіктіні айыпты деп тапты. Оған екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Пробациялық бақылауда болады. Үкім заңды күшіне енді", – деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

Бұған дейін Шахтинскте әйелінің қазасына күйзелген еркек жаппай адам өлтіруге оқталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандықтарға қаржылық пирамиданың негізгі белгілері түсіндірілді

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Freedom банкі мемлекеттік және өзге де әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін әлеуметтік карталарды іске қосады