Қазақстанда 8 жаңа электр станциясы салынады

Фото: pexels
2026 жылдың 1 сәуірінде Энергетика министрлігінің берген ақпаратына сай, 2026–2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ұлттық жобасы электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты стратегиялық тұрғыдан өтеуге, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын терең жаңғыртуға және Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Негізгі басымдық базалық энергия көздерінің құрылысына беріледі. 2030 жылға дейін 7,8 ГВт жаңа және жаңартылған қуаттарды іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 8 жаңа электр станциясын салу және жұмыс істеп тұрған 11 станцияны жаңғырту көзделген. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің маңызды тораптарын қамтиды.

Оған:

Жоба тек генерацияны арттыруды ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған станциялардың тиімділігін көтеруді де мақсат етеді. Жаңғырту нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейін 13%-ға төмендету жоспарланып отыр.

Ұлттық жобаны іске асыру одан арғы өнеркәсіптік өсу, цифрлық экономиканы дамыту және жасанды интеллект технологияларын ендіру үшін сенімді энергетикалық негіз жасауға мүмкіндік береді.

Көмір генерациясы технологиялық жаңғырту және экологиялық стандарттарды сақтау шартымен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін және ұзақ мерзімді перспективада энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөлін сақтап қалады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған