Павлодар облысында жылдамдық режимін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында ZEREK-2 жүйесімен жылдамдық режимін бұзудың 23 мыңнан астам дерегі анықталды.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Павлодар облысының республикалық маңызы бар автожолдарында жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында Павлодар – Омбы, Павлодар –Астана, Павлодар – Семей бағыттарында ZEREK-2 сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істейді.

"Кешен көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын автоматты түрде өлшеуге, құқық бұзушылықтарды тіркеуге, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тануға арналған. Кейін ақпарат Бас прокуратураның әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі дерекқорына жолданып, айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама электронды түрде рәсімделеді", – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінде.

Жыл басынан бері ZEREK-2 жүйесімен жылдамдықты арттырудың 23 264 дерегі анықталды. Мәселен, көлік жүргізушісі Павлодар – Астана автожолында белгіленген жылдамдық режимін бұзып, рұқсат етілген 140 км/сағ орнына 183 км/сағ жылдамдықпен жүрген.

"Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, полиция көлік жүргізушілерінен жоғары зейін мен тәртіптілікті талап ететінін еске салады. Жылдамдықты арттыру – жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін қауіп екенін ұмытпау қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз