Астана тұрғындарына екі күнге тиімді бағамен азық-түлік ұсынылды

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғындар мен қала қонақтарына азық-түлікті тиімді бағамен сатып алуға болатын орын туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік мәліметінше, 2026 жылғы 4–5 сәуір күндері елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

Атап айтқанда, жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет, сүт және ұн өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да азық-түлік түрлері тиімді бағамен сатылады.

Іс-шара күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін "Keryen Joly" сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35б) өтеді.

Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.

Айта кетейік, бұған дейін 14 наурызда Алматы қаласының әкімдігі де тұрғындарға азық-түлікті арзан бағамен сатып алуға болатын орындар туралы хабарлаған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы