Қазақстанда 21 мыңнан астам бала аутизммен тіркеуде тұр

Фото: pexels
2 сәуір – аутизм туралы ақпарат тарату күні. Біздің елде 21 мыңнан астам бала дәл осы диагнозбен есепте тұр.

Көп жағдайда ата-аналар аутизмнің алғашқы белгілерін дер кезінде байқай бермейді. Балаларға көрсетілетін арнайы көмектің түрлерінен де бейхабар, деп жазады qazaqstan.tv.

Салдарынан ерекше күтімді қажет ететін жеткіншектердің қоғамға бейімделуі қиындай түседі. Бүгін Астанада өткен жиында осы мәселелер талқыланды.

Сала мамандары мен ата-аналар қатысқан жиында аутизмді ерте диагностикалау мен оңалтудың маңызы айтылды.

Аутизм балаларды қолдау тетіктері, қолжетімді мүмкіндіктер мен қызмет түрлері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Ата-аналар да өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар салған 60-тан астам сурет көрмеге қойылды.

"Көптеген қорлар ашылып жатыр. Инклюзивті көмек беретін мекемелер ашылып жатыр. Ата-ана әрекеттеніп, іздену керек. Ізденсе, нәтижеге жетеді. Менің қызым қазір сахнада, ән айтады, вокалға барамыз, би билейміз. Көптеген нәтиже бар менде. Оқи алады. Алдында үйде оқытылатын, жөнді оқымайтын. Әріп танимыз, бірақ басын қосып оқымаймыз." Рахия Исабекова, Түркістан тұрғыны
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты