Қауіпсіздік күшейтілді: Алматы жолдарында мас жүргізушілер тоқтатылды

Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері Алматыда 700-ге жуық мас күйдегі жүргізуші анықталды. Алматы қаласының полициясы жол-көлік оқиғаларының ауыр салдарын болдырмау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік және профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде.

Осы жылдың басынан бері қала жолдарында алкогольдік немесе есірткілік мас күйде көлік басқарған 700-ге жуық жүргізуші анықталып, дер кезінде көлікті басқарудан шеттетілді.

Әрбір мұндай дерек – алдын алынған ықтимал қайғылы жағдай. Ауқымды өңірлік "STOP бұзушылық" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарудың 15 әрекетінің жолын кесті.

Бұл өз кезегінде ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік берді. Бұған дейін хабарланғандай, аталған іс-шара барысында жалпы 4 828 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде қарсы қозғалыс жолағына шығудың 15 фактісі, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану бойынша 8 дерек және өзге де құқық бұзушылықтар тіркелді.

Аталған құқық бұзушылықтар ең қауіпті санатқа жатады және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Барлық құқық бұзушы заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметі ең алдымен ауыр салдардың алдын алуға бағытталған. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетігі болып қала береді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді