Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

Фото: polisia.kz
Алматыда заңсыз сақталып келген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция басталады.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тіркелмеген қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, бұл акцияға қатысу – азаматтар үшін тек қана қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мүмкіндігі емес, сонымен қатар қоғам қауіпсіздігіне қосылған маңызды үлес.

"Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар тапсырылған қару үшін ақшалай сыйақы қарастырылған. Қала тұрғындарын азаматтық жауапкершілік танытып, осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамыз", – деп атап өтті Ноғайбаев.

Полиция қызметкерлері қару-жарақты қабылдау ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінде жүзеге асырылатынын еске салады.

Төлем мөлшері қарудың техникалық жағдайына байланысты арнайы комиссиямен айқындалады.

Құқық қорғау органдары мұндай шаралар қылмыс деңгейін төмендетуге және "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматы әкімдігі Абай даңғылындағы төсемтастың ауыстырылуына қатысты тұрғындардың наразылығына жауап берді