Өскемен тұрғыны синтетикалық есірткіні өз еркімен тапсырғаны үшін ақшалай сыйақы алды

Фото: Zakon.kz
Өскеменде жергілікті тұрғын 1 келіден астам синтетикалық есірткіні өз еркімен тапсырғаны үшін қомақты ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төлем облыс прокуратурасының бастамасымен қолға алынған, есірткі қылмысына қарсы күресте азаматтарды белсенділік танытуға ынталандыруға бағытталған "STOP есірткі!" пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

"Жоба іске қосылғаннан бері бір жыл ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Түскен хабарламалар бойынша 12 қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз айналымнан 3 кг-ға жуық синтетикалық зат тәркіленді. Қырағы азаматтарға берілген төлемдердің жалпы сомасы 3 млн теңгеден асты", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Облыс прокуратурасы тұрғындарды есірткі тарату фактілері туралы "102" арнасына немесе 14 68, 8 771 659 53 22 сенім телефонына хабарлауға үндеді.

"Әрбір хабарласқан адамға құпиялылыққа, қауіпсіздікке және расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақыға кепілдік беріледі", – делінген хабарламада.
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі