Атырау облысында полицияның бірнеше басшысы қызметінен шеттетілді

Фото: polisia.kz
Атырау облыстық полиция департаментінде Ішкі істер министрлігі жүргізген тексерістен кейін бірқатар басшы қызметінен шеттетілді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ІІМ аумақтық бөлімшелердің қызметіне қатысты жоспарлы тексерулерді тұрақты түрде жүргізіп отырады.

"Қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуы, тиісті бақылаудың болмауы және жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары қызметінен шеттетілді", – делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство өкілдері министр Ержан Сәденовтің бұған дейін де ІІМ жүйесінде заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бағытында қатаң және жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын бірнеше рет атап өткенін еске салды.

"Бұл жұмыс жүйелі әрі бірізді сипатқа ие", – деп қорытындылады ІІМ.

Айта кетейік, 2026 жылғы 26 наурызда Алматы қалалық полиция департаментінде де резонансты жол-көлік оқиғасынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылған болатын.

Қазақстан
Астана
Сәденов Ержан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді