Қазақстанда ірі қара және ұсақ малдың аналық басын шетелге шығаруға тыйым салынды

Фото: primeminister.kz
Қазақстанда аналық ірі қара және ұсақ малды ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шешім Ауыл шаруашылығы министрі мен Қаржы министрінің "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығымен бекітілді.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан аналық ірі қара малды және аналық ұсақ малды (қой) сыртқа шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады.

Бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 сәуірден бастап күшіне енді.

Аталған шектеуді енгізуге Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрліктері бастамашы болған. Негізгі мақсат – репродуктивті мал басын сақтау және аналық малдың экспортқа шығарылуына жол бермеу.

Айта кетейік, бұған дейін де Қазақстанда мұндай шектеулер бірнеше рет енгізілген. Соңғы рет аналық малды экспорттауға тыйым 2025 жылғы 11 қазанда ұзартылған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді